Өңірлер

ОҚО-да мүгедектерге қолжетімді орта құру аясында 165 кәсіпкермен келісім орнатылды

Облыс әкімі Б.Атамқұловтың тапсырмасына сәйкес, өңіріміздегі мүгедектерге қолжетімді орта құруға кәсіпкерлерді жұмылдыру мақсатында басталған «Біз біргеміз!» акциясы 1 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан24 Мамыр , 17:01

Естеріңізде болса, осы жылдың 20 сәуір мен 20 мамыры арылығында жеке меншіктегі нысандарға мүгедектердің еркін кіріп-шығуына мониторинг жұмыстарын жүргізу үшін барлық аудан, қалаларда арнайы топ құрылып, акция басталған болатын.

Шара басталған бір ай ішінде жұмыс істеген 129 мобильдік топ облыстағы 1835 нысанның (215-і мемлекеттік, 1628-і жеке меншік) жұмысын зерделеп, тиісті актілер толтырды. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге нысанды бейімдеу шаралары туралы методикалық кеңестер берді. Жұмыстар нәтижесінде, тексерілген нысандардың тек 283-нде құрылыс нормаларына сәйкес пандус орнатылғаны белгілі болды. Қалған 330 нысанда пандустар стандартқа сай салынбаса, 1244-нде мүлдем жоқ.

Осыған байланысты, облыстағы 165 кәсіпкермен құны 15,6 млн. теңге болатын меморандум түзілді. Бұл қаржыға нысанның кіреберіс және қозғалыс жолдарын, қызмет көрсету аймағын бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.

Акция қорытындысы негізінде еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі жандарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика