Ұлттың денсаулығы

Байдаркада ескек есу бойынша Әлем Кубогінде Сергей Емельянов қола жүлдеге ие болды

Германияда өтіп жатқан "Әлем Кубогі" бәсекесінде спорттың байдаркада ескек есу түрі бойынша Оңтүстік саңлағы қола медальға ие болды. 500 метрге каноэмен жекелей жарыста жерлесіміз Сергей Емельянов жүлделі үшінші орынды иемденді.
Әлемде24 Мамыр , 20:27

Сергей бұған дейін де халықаралық ареналарда топ жарып жүрген спортшы. Ел тарихында алғаш рет жастар арасында Әлемдік аренаны үш рет бағындырған. 

Спортшылар отбасында тәрбиеленген Сергейдің қос ағасы Михаил мен Тимофей де каноэда ескек еседі. Ағасы Ағасы Тимофеймен бірге ол талай белесті, әлем чемпионатында жастар арасындағы 200м, 500м, және 1000м арақашықтықты бағындырып, үш алтынға ие болған. 

Казань универсиадасында 500 және 1000 метрлік қашықтыққа ескек есуден күміс жүлдеге ие болса, Инчхонда өткен Азия ойындарында жерлесіміз 1000 метрлік қашықтықта сынға түсіп, екінші орынға лайықты деп танылды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика