Энергияның балама көздерін дамыту

2040 жылға қарай мұнайды тұтыну көрсеткіші 40%-ға төмендейтіндігі болжануда

ОПЕК жоспарына сәйкес 2040 жылы мұнайхимиясының тәулік эквивалентіндегі сұранысы 3-4 млн баррельге көтеріледі. 2040 жылға қарай мұнайды тұтыну 40%-ға төмендейтіндігі болжануда, деді баламалы энергия көзідеріне арналған «Renewable energy summit» саммитінде ҚР Энергетика министрлігі жанындағы «Мұнай және газ ақпараттық-сараптмалық орталығы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асқар Мұнара.
Астана қаласы24 Мамыр , 13:51

«Әр түрлі болжауларға сәйкес, шикізат ретіндегі тұтынушы мұнайының негізгі саласы мұнай және химия, әлемдегі мұнайхимияны қолдану көрсеткіші өседі. ОПЕК жоспарына сәйкес 2040 жылы мұнайхимиясының тәулік эквивалентіндегі  сұранысы 3-4 млн баррельге көтеріледі. 2040 жылға қарай мұнайды  тұтыну 40%-ға төмендейтіндігі болжануда», - деді сарапшы.

А.Мұнара айтып өткендей, баламалы энергетика көзі м ен көлікті технологияны 2014 жылға дейін дамыта отырып, мұнай тұтынуды 40 пайызға төмендету қарастырылған.

«Бұндай жағдайға кезігу негізінде «ИАЦНГ» АҚ  негізінде «Форсайд – 2050» жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ол әлем энергиясының жаңа мүмкіндіктерін елдің есебіне қолдануды қарастырады», - деді ол.

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика