Өңірлер

Шығыс Қазақстандағы егіс алаңы биыл 18 мың гектарға ұлғайды

Биыл Шығыс Қазақстанда 1305 мың гектар егіс алқабы бар, ол 2015 жылмен салыстырғанда 18 мың гектарға көп. Қалыптасқан қолайлы жағдай бойынша шаруалар егіс алқабына мерзімінен бұрын шықты, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан26 Мамыр , 20:27

Егіс алқабының жартысынан көбін астық және бұршақ дәнділер құрайды – 607,5 мың гектар, астық – 310 мың гектар. Картоп егуге 22 мың га, көкөніс – 12 мың га, май мәдениеті – 352 мың гектар және май өсімдігі – 321 мың га құрады.

«Облыста көктемгі егіс жұмыстары толық жүргізілуде. Биыл Шығыс Қазақстанда 1305 мың гектар егіс алқабы бар,  ол 2015 жылмен салыстырғанда 18 мың гектарға көп. Қалыптасқан қолайлы жағдай бойынша шаруалар егіс алқабына мерзімінен бұрын шықты», - деді ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшісінің орынбасары Ербол Қуанышев.

«Агроөндірістік кешеннің негізгі міндеті өнімнің тиімді технологиясына өту болып саналады», - деді Е.Қуанышев. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика