Халықаралық интеграция

Шверинде Қазақстанның экономика күні өтті

Немістің Шверин қаласында Қазақстан Республикасының 4-ші экономика Күні болды. Оның ұйымдастырушысы ретінде Германиядағы Қазақстанның Елшілігінің қолдауымен Шверин қаласының Сауда-өнеркәсіптік палатасы қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ.
Әлемде 24 Мамыр, 18:21

Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы мәселелеріне арналған аталмыш іс-шараға Германияның аталған аймағының ресми, экономикалық, іскерлік және сарапшы орталарының өкілдері қатысты. Форумда қазақстандыұ-германдық тақырыптық блоктардың өзектілігі қамтылды. Айталық, экономикалық ынтымақтастық, жаңартылған энергия, логистика, азық-түлік өнеркәсібі, денсаулық сақтау, дуальді білім және туризм салалары қамтылды.

Аталған жиында Германиядағы Қазақстанның елшісі Болат Нүсіпов, Бундестаг депутаты Карин Штренец, Шверин қаласының Сауда-өнеркәсіптік палатасының бас директоры Зигберт Айзенах сөз сөйледі.

Қазақстандық дипломат өз сөзінде неміс тарапын бес институционалдық реформаны жүзеге асыруда «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттерін таныстырды.

К.Штенец Қазақстанның инвестиция тартымдылығын және осындай форумдардың маңыздылығы мен аймақаралық өзара іс-қимылды тұрақты дамыту үшін жасалатын келіссөздердің артықшылығын атап өтті.

Өңдеу саласы бойынша германдық бизнестің мүмкіндіктері туралы, агроөнеркәсіп кешені, көлік және логистика жайлы Орталық Азиядағы германдық экономика өкілдігінің басшысы Йорг Хетч баяндама жасады.  «KaznexInvest» АҚ-ң басқарушы директоры Ерлан Мұратов ҚР-ң инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.

Неміс тарапынан қатысушылардың назары негізінен Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға дайындық мәселелеріне ауды.

Іс-шара барысында инновация мен жаңа технологияны дамыту турасында екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бағытында пікір алмасылды. 





Яндекс.Метрика