Евразиялық одақ

Виктор Христенко ЕАЭО іскерлік кеңесінің президенті болып сайланды

Астанада жетекші бизнес қауымдастықтар одағы басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ Іскерлік кеңесінің президиум отырысы өтті. Аталмыш шара аясында Виктор Христенко ЕАЭО іскерлік кеңесінің президенті болып сайланды.
Астана қаласы24 Мамыр , 13:28

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кеңесінің төрағасы Абылай Мырзахметов айтып өткендей, бүгін Іскерлік кеңес жұмысын жетілдіру мақсатында бірауыздан Іскерлік кеңесінің президенті лауазымын енгізу туралы шешім қабылдады.

«Президенттің бойында болатын негізгі қасиеттің бірі, ол барлық интеграциялық процесті түсіне білуі тиіс және В.Христенконың кандидатурасы барлық талаптарға сай келеді. Бұндай шешім іскерлік топтың мемлекеттермен – одақ мүшелерімен серіктестік диалогты жандандыруға мүмкіндік береді»,-деді А.Мырзахметов.

В.Хрестиенко Іскерлік кеңесінің президенті лауызымында төрт жыл болатыны жоспарлануда. Алдағы айда кеңес башысы ЕАЭО Іскерлік кеңесінің алдағы даму жоспарын таныстыруы керек.  

Іскерлік кеңес құру туралы келісімге қайта қол қойылу ынтымақтастықтың әлеуеті бағыттарын ұзартады және кеңес президентінің қызмет саласын анықтайды.

Сонымен қатар, Іскерлік кеңес отырысы барысында ЕЭК пен ЕАЭО Іскерлік кеңесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика