Инвестициялар

KAZNEX INVEST АҚШ, Германия, Түркия, БАӘ мен ҚХР-да өкілдігін ашады

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөнідегі ұлттық агенттік» АҚ осы жылы шетелде 5 өкілдігін ашады, деді компания басқармасының төрағасы Бөрісби Жанғұзаров ИДМ-да өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы24 Мамыр , 13:08

«Біздің агенттік шетелде 5 өкілдігін ашады, ол шетелдік инвесторлармен тығыз жұмыс істеп, біздегі жеңілдіктерді түсіндіруге ыңғайлы. Өкілдіктер АҚШ, Германия, Түркия, Бірікке Араб Әмірлігі, Қытай халық Республикасында ашылады. Бұл елдердегі өкілдері жақын елдерді қамтиды», - деді ол.

Оның айтуынша, елдер шетелдік инвестициялар донорлар саны бойынша іріктеліп алынды. Сондай-ақ, бұл елдерде Қазақстан тартқысы келетін  өндірістік және индустриялды компаниялардың инвестициялары бар.

KAZNEX INVEST басшысы айтып өткендей, өкілдіктерді ашу туралы келіссөздер ұзақ жүргізілді, қазір алғашқы қадамдар жасалуда.

Б. Жанғұразов атап өткендей, қазіргі таңда ҚР Елшіліктерін бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 10  инвестициялық өкіл тағайындалды.

«Елшілікте жұмыс істейтін өкілдерге қосымша шығын жұмсалмайды, себебі ол елшіліктің штаттық бірлігі. Бұл елшіліктер мен СІМ құрылымдарын бейімдеу  бойынша жұмыстар. Біздің өкілдіктерге келетін болсақ, нақты бюджетті атай алмаймын, олар өте аз, тек қажетті істерге бөлінді», - деді ол.




Яндекс.Метрика