Энергияның балама көздерін дамыту

ЕО: ҚР-ң ЖЭК-не көшуі 2030-шы жылға қарай эмиссияны 40%-ға қысқартуға мүмкіндік береді

ҚР-ң жаңартылған энергия көздеріне көшуі 2030-шы жылға қарай парниктік газдарды 40%-ға қысқартуға мүмкіндік береді, деп хабарлады Еуропалық одақ миссиясының басшысы Траян Лауренцию Христеа «Renewable energy summit» жаңартылған энергия көздері бойынша өткен саммит барысында.
Астана қаласы24 Мамыр , 12:51

«Көптеген жылдар бойы бізге ЖЭК-не көшу ешқандай да экономикалық негіз жоқ деп айтып келген еді. Бірақ, бүгінгі таңда біз керісінше оның ұшан-теңіз пайдасы барын түсініп отырмыз. Біріншіден, әлем бойынша инвестиция 17 %-ға артады, екіншіден, шығыстар 80,33 %-ға қысқарады. Үшіншіден, жаңа жұмыс орындары құрылады, күн энергетикасы жұмыс орынын екі есе ұлғайтады.  Сонымен қатар, 2030-шы жылға қарай эмиссияны 40 %-ға қысқартуға мүмкіндік туады. Сондықтан, бұл тамаша мүмкіндік»,-деді ол.

Сарапшының айтуынша, Еуропалық одақ өткен жылы Еуропалық қордан стратегиялық инвестиция үшін ЖЭК-не 315 млрд еуро бағыттаған.

ЕО миссиясының басшысы Еуропалық одақтың мақсатты жетістіктері Қазақстанның нағыз болашақтың энергиясы әлеуетін пайдаланатын көшбасшы болуымен байланысты болмақ және Қазақстан шабыт көзі болмақ, деп есептейді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика