Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда ТжКБ жетекшілерінің біліктілігін арттыру курстары басталды

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ ТжКБ ұйымдарының басшылары мен инженерлік-педагогикалық жұмысшылардың біліктілігін арттыру курстарын жүргізуді бастады, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы25 Мамыр , 08:59

Біліктілікті арттыру курсын жүргізудің мақсаты модульдік - жаңа әзірлеген білім беру бағдарламаларын еліміздің барлық колледждерінің оқыту процесіне енгізу бойынша  ТжКБ ұйымдарының басшылары мен инженерлік-педагогикалық жұмысшылардың кәсіптік құрызыретін, тәжірибелік білімін, шеберлігін және дағдысын құру және арттыру болып табылады.

2012 жылдан бастап ТжКБ жүйесін жандандыру шеңберінде Холдинг ҚР Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен отандық жұмысберушілер бірлестіктерінің қатысуымен және шетелдік серіктестермен бірге білім беру бағдарламаларын әзірлеуді жүзеге асыруда.  

Жаңа білім беру бағдарламаларының ерекшеліктеріне:- бағдарламалардың заманауи халықаралық талаптарға сай модульдік-құзыреттілік тәсіл негізіндегі ескере отырып әзірленгендігі;- білім беру бағдарламалар құрылымы курсты құруға икемді, білім беру үдерісін жекешелендіру мүмкіндігі; - бағдарламалар өзінің бағытымен ерекшеленеді, ол әрбір оқу мекемесіне жұмыс оқыту жоспары мен бағдарламаларын, және де оқыту модульдерін анықтауда еркінділігі жатады.  

Жаңа білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру кезінде колледж тапсырушы - жұмысберушілер талаптарын ескере отырып модульдер саны мен құрылымын қарастыра алады, ол еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделуге мүмкіндік береді.

Әзірленген бағдарламалар халықаралық және қазақстандық сарапшылармен, бағыт бойынша жұмысберушілермен оқыту үдерісінде қолдану үшін мақұлданған.

Жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу Қазақстанның ағымдағы ТжКБ жүйесінің экономиканың өзекті талаптарына сай жаңа деңгейге өтуіне мүмкіндік береді. ТжКБ білім беру үдерісінің құрылымын жаңарту қажеттілігі Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспарында, Индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген.

ҚР Білім және ғылым министрі әзірленген білім беру бағдарламаларын 2016-2017 оқу жылынан бастап ТжКБ мекемелерінің оқыту үдерісіне енгізу тапсырмасын берді. Сондықтан Холдинг ТжКБ ұйымдарының басшылары мен инженерлік-педагогикалық жұмысшылардың біліктілігін арттыру курстарын бастады.   

Біліктілікті арттыру екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде Холдинг 300 адамды тренерлікке дайындайды. Қазіргі таңда Астана қ. Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінде тренерлердің екінші ағымы курсты оқуда. Тындаушылар ТжКБ ұйымдарының басшылары мен инженерлік-педагогикалық жұмысшылардың арасынан іріктеліп алынды. Курстар қазақ және орыс тілдерінде 36 сағат көлемінде жүргізіледі. Курс соңында тындаушыға «Холдингтің штаттан тыс тренері» дәрежесі беріледі.

Курстың екінші кезеңінде 2016 жылдың маусым және қыркүйек аралығында дайындықтан өткен тренерлер Холдингтің әзірлеген әдістемелік нұсқаулығына сай білім беру бағдарламаларын енгізетін барлық колледждердің ТжКБ ұйымдарының басшылары мен инженерлік-педагогикалық қызметкерлерін оқытады.

 

Курсқа тіркеу және тындаушылардың тобын құру Астана, Алматы қалаларының және облыстардың білім басқармалары арқылы жүргізіледі. Оқыту тегін түрде жүргізіледі. Тындаушылардың іс-сапар, тәулік пен баспана шығындары жіберген тараппен төленеді, яғни колледждер.




Яндекс.Метрика