Инновациялар

ҚР-да инноваторлар мен рационализаторлар арасындағы байқауға өтініш қабылдау басталды

Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік жыл сайынғы инноваторлар мен рационализаторлар арасындағы байқауға өтініш қабылдауды бастады, деді ИДМ баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы Инвестициялар және даму министрлігіндегі баспасөз конференциясында.
Астана қаласы24 Мамыр , 12:24

«Ең басты мақсат – халықты ынталандыру мен инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау. Өтініштер осы жылдың 25 шілдесіне дейін қабылданады. Жалпы сыйлық қоры 6 млн теңгені құрайды», - деді Қ.Жұмабайұлы.

Осы жылы келесі номинациялар қаралды: «Мектеп оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба», «Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік рационализациялық ұсыныс». Сондай-ақ, инновацияның әр түрлі жобалары анықталады.

«Байқауға қатысушылар  18-40 жас аралығындағы  Қазақстан азаматтары болып табылады. Инновацияның әр саласы бойынша 500 мың теңге үйлестіріледі», - деді ол.

Байқау 2005 жылдан бастап өткізіліп келеді, шараға 5 мың адам қатысады.

 




Яндекс.Метрика