Халықаралық интеграция

EUROBAK Қазақстанның инвестициялық ахуалды жақсарту жолындағы қадамын құптайды (ВИДЕО)

Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығы Қазақстанның инвестициялық ахуалды жақсарту жолындағы қадамын құптайды. Бұл туралы EUROBAK Директорлар кеңесінің төрағасы Аудрис Барцявичус Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлім етті.
Астана қаласы 24 Мамыр, 18:52

«EUROBAK ассоциациясының басымдылығы әрқашан Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың жақсарту бастамаларын қолдау болды. Біз ол жерде белсенді қатысамыз және көші-қон және визалық режимдегі нақты қадамдарды бақылаймыз. Әрдайым визалық режимді ырықтандыру бойынша өз ойларымызды айтып отырамыз. 2015 жылы визасыз режим үшін елдертің тізімі кеңейтілді, ол шынымен біздің мамандардың, жоба менеджерлерінің келуін жақсартады»,-деді  А.Барцявичус.

Директорлар кеңесінің төрағасының айтуынша, ассоциация Қазақстандағы Еуропалық бизнес өкілдерінің бастамасы бойынша құрылды, қазіргі таңда ол 130-дан астам компанияны біріктіреді.

«Біз Өнеркәсіп сегментін, қызмет көрсетуді кеңінен таныстырамыз, мұна-газ және энергетика, сондай-ақ азық-түлік өнеркәсібіне дейін»,-деп толықтырды А.Барцявичус.

Естерінізге сала кетейік, EUROBAK коммерциялық емес ұйым.Қауымдастық Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы және бизнес, қоғамдық салаларында көтермелеу және құрудың маңызды рөлін атқарады.

Ботагөз Айтжанова

Бейне: Азамат Әлиев

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика