Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

ҚР ИДМ басшысы мен «АвтоВАЗ» президенті Өскемендегі зауыт құрылысын талқылады

ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев «АвтоВАЗ» президенті Николя Мормен кездесу өткізді. Бұл туралы ведомстводағы баспасөз конференцияда ҚР ИДМ-ң баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы хабарлады.
Астана қаласы24 Мамыр , 12:06

«Кездесуде Қазақстанның автомобиль өнеркәсібінің дамуы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Өскемендегі толық циклді және технопаркті зауыт құрылысы бойынша бірлескен жобаның жүзеге асу барысы әңгіме арқауына айналды. Инвестицияның жалпы көлемі 80 млрд. теңгеге жуық. Жобаны жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезек – бұл 60 мың бірлік техника шығару, ол 2018-ші жылдың ортасына жоспарланып отыр. Екінші кезең – 2020-шы жылға дейін зауыттың қуаттылығын жылына 120 мың бірлік техникаға дейін жеткізу»,-деп хабарлады Қ.Жұмабайұлы.

Еске сала кетейік, зайыт құрылысы 2013-ші жылдың қараша айында «Азия Авто» АҚ-ң базасында басталған болатын. Ең бірінші кезекте 4 мың жұмыс орынын құру жоспарлануда. 




Яндекс.Метрика