Инвестициялар

2016 жылдың 4 айы ішінде инвесторлар үшін «бір терезе» қызметіне 400-ден астам инвестор жүгінді – ҚР ИДМ

2016 жылдың алғашқы төрт айында инвесторлар үшін «бір терезеге» 400-ден астам инвестор жүгінді, деп ҚР ИДМ хабарлайды.
Астана қаласы24 Мамыр , 16:09

«2016 жылдан бастап ИДМ инвесторлар үшін «бір терезе» болып табылады. Барлық лицензиялар, рұқсаттамалар және басқа да құжаттарды «бір терезеден» ала алады. 2016 жылдың алғашқы 4 айында инвесторлар үшін «бір терезеге» 400-ден астам инвестор сүйенген»,- деп хабарламада айтылған.

Осылайша, аймақтық дәрежеде әкімдіктер өзекті жұмыс атқаруда, олар Инвесторларға қызмет көрсету орталығын құрған, сондай-ақ «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорация жанында инвесторларға қызмет көрсету секторы жұмыс атқарады: 3 – Алматы қаласында, 2- Астана қаласында және әрбір облыс орталығында біреуден.

«Келесі келе жатқан 2017 жылы жұмысты сандық форматқа көшіру жоспарлануда, ол өз кезегінде инвесторлардың мемлекеттік қызметпен толық кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. «Бір терезе» жұмысының нақты мысалдары бар. Осылайша, «бір терезе» арқылы «Coca-Cola» компаниясына осындай мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бүгінгі күні Астанада  кока-кола, лимонад, квас және басқа да алкогольсіз ішімдіктерді өндіретін зауыт құрылды»,-деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен бірге, компания жарық диодты өнімдерді өндіру саласында жұмысқа деген рұқсатты алды және жоғары білікті шетелдік мамандарға визаны рәсімдей алады. «Бір терезе» арқылы компания мұнай-химия және химиялық көлік кұру саласында басым инвестициялық жобаны іске асыру үшін жер телімін алды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика