Халықаралық интеграция

ИДМ АЭФ аясында шетелдік компаниялармен 10 келісім шарт орнатуды жоспарлауда

Астана экономикалық форумы аясында ИДМ шетелдік компаниялармен 10 келісім шарт орнатуды жоспарлауда. Бұл туралы ведомстводағы баспасөз конференциясында ИДМ баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы мәлімдеді.
Астана қаласы24 Мамыр , 11:34

«Астана экономикалық форумы аясында шетелдік компаниялармен 10 коммерциялық құжатқа қол қою жоспарланған. Оның ішінде, Германия, Италия, Қытай, Польшамен АӨК, энергетика, металлургия, химия және астық өндіріс саласында құжатқа қол қою жоспарланған», - деді Қ.Жұмабайұлы.

Сондай-ақ, Инвестициялар және даму министрлігінің басшылығы АЭФ аясында форум қатысушылары мен шетелдік министрлік өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді. Оның ішінде: Сингапурдың сауда және индустрия министрі, Латвияның көлік министрі,  Шри-Ланканың өндіріс министрі, Иранның вице-президенті, ЕҚДБ президенті бар.

Сондай-ақ, 29 мамырда Инвесторлар кеңесі өтеді, кездесудің тақырыбы: «Астана – халықаралық қаржы орталығы».

«Шара жұмысына Chevron, «ERG», «MetroCash&Carry», «JP Morgan&Co.», «Citigroup», «Baker&McKenzie», «Ernst&Young», «ЕБР», «Лукойл», ЕҚДБ жетекшілері қатысады деп жоспарлануда», - деді ол.

 

 




Яндекс.Метрика