Халықаралық интеграция

Нидерланд Королі Қазақстан елшісін қабылдады

Гаагада Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі елшісі Майнұр Мырзамадиеваның Нидерланд Королі Виллем-Александрмен жеке кездесуі болды.
Әлемде24 Мамыр , 15:21

Кездесу кезінде тараптар екі жақтың жоғары деңгейдегі саяси өзара дәстүрлі іс-қимыл  негізінде алдағы уақыттағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелерінің тереңдігін талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ.  

Нидерланд Королі Қазақстанның соңғы саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімен, «Қазақстан 2050» стратегиялық бағытымен, «Нұрлы жол» мемлекеттік даму бағдарламасымен және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен тереңірек танысты.

Король Қазақстан мен Нидерланд арасында конструктивті саяси диалог орнағанын және барлық деңгейде белсенді барыс-келістердің бар екенін атап өтті. Ол 2014-ші жылы Гаагада өткен ядролық қауіпсіздік Саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапармен барғанында кездескенін ерекше ыстық ықыласпен еске алды. Ол сонымен қатар, 2015-ші жылдың желтоқсанында Нидерланд Премьер-министрі Марк Рюттің Астанаға жасаған сапары жемісті болғанын атап өтті.

Кездесу қорытындысында Нидерланд Королі алдағы уақыттағы екі жақты қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанға сапармен баратын үмітін жеткізді. 




Яндекс.Метрика