Халықаралық интеграция

ЭЫДҰ-ның инвестиция комитетіне ену – Қазақстанның инвестициялық ахуалды жақсарту жолындағы міндеті

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының инвестиция комитетіне кіру, алдағы уақытта Қазақстанның инвестициялық климатты жақсарту бойынша басты міндеті.
Астана қаласы24 Мамыр , 11:49

«ЭЫДҰ-ның стандарттары дәйектілікпен енгізілуде. Бұл – 30 елдің қатарына кірудің негізгұ нұсқалары. 2011-2012 жылдары ЭЫДҰ инвестициялық комитетінің сарапшыларымен Қазақстанның инвестициялық саясатына бірінші Шолу өткізілді (бірінші Шолу). 2013 жылы ЭЫДҰ ұсынымдарының шолуы және алдағы уақытта еліміздің инвестициялық климатын дамыту бойынша 12 халықаралық тәжірибені оқу бойынша ұсынымдардың бағыты тандалды»,- деп ҚР ИДМ хабарламасына айтылған.

Осылайша, 2015 жылдың қыркүйек айында бірінші Шолу нәтижесінің ұсынысымен Қазақстанда өтетін жұмыс барысын бағалауда ЭЫДҰ сарапшыларымен екінші Шолу басталды.

«Бүгінгі күні ЭЫДҰ-ның барлық ұсынымдары есепке алынды. Осылайша, мысалы, инвесторлар үшін жаңа ынталандыру, Кәсіпкерлік кодекс, Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі заң қабылданды, сонымен қатар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша ережелер қарастырылды»,- деп хабарламада айтылған.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЭЫДҰ ұсынған ұсынымдарды іске асыру үшін 2012 жылғы ЭЫДҰ-ның бірінші Шолуы негізінде инвестициялық климатты жақсарту үшін егжей-тегжейлі жоспар қабылданды.  Негізгі мақсат – ЭЫДҰ-ның инвестиция бойынша Комтетіне кіру

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика