Энергияның балама көздерін дамыту

Энергетика министрлігі Қазақстандағы БЭК дамыту үшін аукциондар тетігін енгізуді жоспарлауда

ҚР Энергетика министрлігі Қазақстанда БЭК дамыту мақсатында аукциондар тетігін енгізу мүмкіндіктерін талқылауда, деп хабарлады ҚР-ң энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Renewable energy summit» жаңартылған энергия көздері бойынша өткен саммит барысында.
Астана қаласы24 Мамыр , 10:42

«Энергетика министрлігі елімізде алдағы уақытта БЭК дамыту мақсатында қоғамдастықпен аукциондар тетігін енгізу мүмкіндіктерін талқылауда»,-деп мәлімдеді ол.

Министрдің айтуынша, аукционды енгізу бір жағынан жобалар мен инвесторларды іріктеу үдерісінде ашық әрі түсінікті жасауға, екінші жағынан технологиялар мен жобалардың неғұрлым тиімділеріне ставка қоюға ыңғайлы болмақ.  

Айта кету керек, БЭК-ті мемлекеттік қолдау шаралары біздің елімізде ұзақ мерзімді саясат пен құқықтық нормативтік базаны жетілдіру мен дайындау негізінде іске асатын болады.

Ведомство басшысының атап өтуінше, бүгінгі таңда энергетика министрлігінің ЖЭК дамыту саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруда қызметі мен құзіреті жасақталған. Ведомство әлемдік тәжірибелерге сараптама жасап, заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында еуропалық елдермен ынтымақтасу жолымен, халықаралық ұйымдармен және институттармен бірлескен семинарлар, саммиттер, тренингтер өткізеді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика