Басқару

Алматыда бейімделу және Кеден одағы / ЕАЭО-ның техникалық регламенттерін іске асыру мәселелері қаралды

Алматыда қалалық штабтың кезекті отырысы болды. Отырыс техникалық реттеу және метрология мәселесіне орай өткізілді.
Алматы қаласы24 Мамыр , 15:53

Қала әкімдігінде хабарлағандай, шара  ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Г.Дұғалова, ҚР ИДМ ТРМК ведомствоға қарасты кәсіпорындардың өкілдері, Алматы қ. әкімдігі, салалық қауымдастықтар және қалалық кәсіпкерлердің қатысуымен өтті.

Отырыс барысында қатысушылар нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Кеден одағы / ЕЕАО техникалық регламенттерін бейімдеу және іске асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, шарада техникалық реттеу және метрология саласында проблемалық мәселелерді шешу және оны  ерте анықтау мәселелрі қарастырылды.

Сонымен бірге, қалалық штабтың қатысушылары «Стандарттау туралы» және «Өлшеу және стандарттау бірлігін қамтамасыз етуде кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының жаңа тәртіптерін қарастырды.

Аталмыш заң жобасы аясында халықаралық жүйесіне сәйкес ұлттық стандарттау жүйесіне қатысу, ұлттық стандарттау жүйесінде қатысушылар арасындағы ынтымақтастықты дамыту болжамданған, сонымен қатар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің рөлін күшейту. Сонымен қатар, ұлттық стандарттардың рөлі мен деңгейін арттыру, стандарттаудың жоспарлау моделін жетілдіру, халықаралық тәжірибеге сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау аясында оңтайландыру күтілуде. Сондай-ақ, нормаларды енгізу және тағы басқалар.

Сонымен қатар, егжей-тегжейлі темекі өнімдеріне техникалық регламенттерінің талаптары түсіндірілді, ол өз күшіне 2016 жылдың 15 мамыр айында енді.

Отырыс қорытындысында Алматы қ. әкімдігінің басшылығы Бүкіләлемдік метрология күні мерекесі аясында мегаполистің құрметті метрологтарын алғыс хаттармен марапаттады. 




Яндекс.Метрика