Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Өскемендегі автозауыт құрылысы 2018 жылы 4 мың жұмыс орынын құруға мүмкіндік береді

«АЗИЯ АВТО Қазақстан» автомобиль зауытының құрылысы бойынша қазақстандық-ресейлік жобаны бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі өзара іс-қимыл мәселесін Өскемен қаласында ШҚО әкімі Даниял Ахметов пен «АвтоВАЗ» ААҚ президенті Николя Мордың кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды аймақ әкімдігі.
Шығыс Қазақстан24 Мамыр , 09:53

«Мемлекет қазір автозауыттың инженерлік инфроқұрылым құрылысын бірқанша миллиард теңге сомасына жүргізіп жатыр. Бұл бизнестің дамуына тегін үлес. Биыл жұмыстар аяқталатын болады»,-деді облыс әкімі.

«Біз салынып жатқан зауытта болдық. Бұл өте тамаша жоба. Мемлекеттің осындай қолауына алғысым шексіз. Зауыт бәсекеге қабілетті болатынына сенемін. Барынша тиімді өндіріс болуы  үшін және зауыт сапалы дүние шығаруы үшін біз бірге жұмыс істеуіміз керек. Мен Өскеменде диі болып, біздің жобаның жүзеге асыуына белсенді атсалысамын»,-деді Николя Мор өз кезегінде.

Айта кету керек, Өскемендегі зауыттың толық циклды және автокомпонент өндіріс технопаркі құрылысының құны 112,8 млрд. теңге. 2018-ші жылы 60 мың автомобильді жылына шығаратын болады және 4 мың жұмыс орыны құрылады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика