EXPO-2017

Австрия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу Келісіміне қол қойды

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Австрияға сапарында МАГАТЭ, ЮНИДО, «Тұрақты энергетика барлығы үшін» БҰҰ Бас хатшылығы бастамасы, ЕҚЫҰ, ОПЕК және халықаралық даму бойынша ОПЕК Қоры өкілдерімен кездесуі болды, деп хабарлайды ҚР СІМ.
Әлемде23 Мамыр , 20:27

Кездесуде халықаралық ұйымдардың көрмеге қатысу мәселелері және конференциялар мен семинарлар өткізу, павильондарды тақырыптық толықтыру және өзге де мәселелер талқыланды. ЭКСПО-2017 көрмесінің Комиссары 100 ел мен 15 халықаралық ұйымныңи көрмеге қатысуға дайындары бүгінгі таңда 85 ел және 15 халықаралық ұйым ресми түрде қатысатындарын нақтылады, деп хабарлады.

15-ші халықаралық ұйым халықаралық даму бойынша ОПЕК Қоры болды. Олардың қатысатыны туралы күні кеше ғана ресми расталды.

Сонымен қатар, Австрияның экономика және зерттеу, ғылым министрінің орынбасары Бернадет Грлингермен және ЭКСПО-2017-дегі Австрия ұлттық секциясының КомиссарыРичард Шенцпен жеке кездесуі болды. Кездесу барысында Р.Жошыбаев көрмеге дайындық барысы мен халықаралық қатысушыларды тарту үдерісінің барысы туралы айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Р.Жошыбаев пен Р.Шенц Австрияның көрмеге қатысуы туралы Келісімге қол қойды. 




Яндекс.Метрика