Адамзаттық капитал

ҚР Қорғаныс министрі жаңа авиациялық-техникалық орталыққа барды (ФОТО)

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов төртінші халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника көрмесінің басталуы қарсаңында авиациялық техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша алғашқы көпбейінді кәсіпорында – авиациялық техникалық орталықта жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 23 Мамыр, 20:06

Авиаорталық авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша жоғары технологиялық өндіріс базасын қалыптастыруға бағытталған.  Мұнда әскери мақсаттағы ұшқышсыз ұшу аппаратарының өндірісі мен шығарылуы ретке келтіріледі, Қазақстан Әскери-әуе күштері техникасының сервистік қызмет көрсетілуі мен жөнделуі жүргізіледі.

Орталық пайдалануға берілгеннен бастап Су-30 жойғыштары мен С-295, Ан-26 және Ан-72 әскери-көліктік ұшақтарын оларға қызмет көрсету үшін ұшу аппараттарын жасау кәсіпорындарына жөнелту қажеттілігі жойылады.  Тиісті дайындықтан қазақстандық техникалық персонал ұшақтардың бүкіл қызмет көрсету циклі ішінде ұшу курсын қамтамасыз етеді.

Авиациялық орталықтың құрылысының жалпы ауданы 62 660 шаршы метрді құрайды. Бүгінде бұл ҚР Қарулы Күштері мен әлеуетті құрылымдардың мүддесінде мүмкіндіктерді іске асырып қана қоймай, сонымен бірге халықаралық деңгейге  шығуға мүмкіндік беретін бірден-бір орталық.

Болашақта орталық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша анағұрлым кеңінен қамтуды жоспарлап отыр.

Орталықта жұмыс жасау үшін өздерінің кадрларын дайындауға үлкен көңіл бөлінуде. Ол үшін бір топ маман Испаниядағы «Airbus Millitary» оқу-жаттығу орталығында, екінші топ Украинадағы «Антонов» мемлекеттік кәспорнында, ал 3-топ техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша тәжірибе жинақтау үшін Израильде оқыды.

 





Яндекс.Метрика