Басқару

Астанада Құқық қорғау органдарының есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл туралы семинар өтуде (ФОТО)

Бүгін Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары Академиясында есірткеге қарсы күрес жүргізу бөлімшелерінің басшылары үшін семинар-тренингтің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы.
Астана қаласы 23 Мамыр, 19:48

Семинарға Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік кіріс комитеті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылы бойынша бөлімшелерінің басшылары және прокуратура органдарының қызметкерлері қатысуда.

Бұл шара АҚШ Әділет министрлігінің есірткіге  қарсы күрес жүргізу басқармасының, Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен өткізілуде.

Семинарда қауіпті жағдайларда, шұғыл жоспарлау және әрекет ету, қатерлі жағдайларда басқару, арнайы шаралар жүргізу және т.б. мәселелер қаралады.

Сарапшы ретінде АҚШ Әділет министрлігі жаттықтырушыларының ғаламдық командасының нұсқаушылары дәріс оқиды.  





Яндекс.Метрика