Өңірлер

БЖК: Ақтөбе облысында ауыл кәсіпкерлерінің үлесі 56% пайызды құрады

Ақтөбе облысында 2016 жылы ауыл шаруаларын мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуға аса назар аударылды. Бұл туралы Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Бағжан Тілегенов «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығында өткен брифингте.
Ақтөбе23 Мамыр , 19:31

«Осы мақсатта қаржы институттары мен екінші дәрежелі банктер арасында жүйелі жұмыс жүргізілді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып жатқан жобалардың 56 пайызы ауылда жүзеге асырылады», - деді ол.

Оның айтуынша, жалпы осы жылы «Бизнестің жол картасы-2020» аясында қаржылық қолдауға 4,1 млрд теңге бөлінді. 4 ай ішінде қолдауға 58 кәсіпкерлік субьектісі ие болды. Оның ішінде субсидирование бойынша – 28 жоба, кепілдендірілген бойынша-18 жоба қаржыландырылды.

«58 мақұлданған жобаның ішінде 26 пайызы Ақтбеде жүзеге асырылды. Мұғалжар, Темір, Хромтау, Алға аудандары мемлекеттік бағдарламаға аса белсенді қатысады.




Яндекс.Метрика