Жаңа кадрлық саясат

Тастанбек Есентаевты ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ұжымына жаңа басшы болып тағайындалды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Тастанбек Есентаевты таныстырды.
Казахстан22 Қараша , 17:55

 «Жаңа төраға мол еңбек өтілі бар спортшы және жаттықтырушы, ол Туризм және спорт министрлігінің Спорт жөніндегі комитетін басқарды, Спорт істері жөніндегі агенттікте жауапты лауазымдарда қызмет еткен», - деді С.Ахметов.

«Үкімет сізге Сочиде өтетін қысқы Олимпиада қарсаңында аса жауапты жұмыс бөлігін тапсырып отыр. Бұл оқиғаға дейін аз уақыт қалды. Артқан сенімді ақтайсыз деген ойдамын», - деп толықтырды С.Ахметов.




Яндекс.Метрика