Өңірлер

ШОБ: Шаңтөбе ауылында мемлекеттік бағдарлама аясында 70,7 млн. теңгенің 27 шағын несиесі берілді

Моноқалаларды дамыту мен БЖК-2020 бағдарламалары аясында Шаңтөбе ауылына 30 адамды жұмыспен қамтитын 11 млн. теңгенің 5 гранты, сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама аясында 53 жұмыс орынын құратын 70,7 млн. теңгенің 27 шағын несиесі берілді, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.
Ақмола 23 Мамыр, 18:37

Ең үдгілі мысалдардың бірі – өз ісін енді ғана бастаған шаңтөбелік Оксана Исимбекова. Оның  жеміс-жидектен компот жасайтын жобасы бір жыл бұрын сәтті жүзеге асты. Оның «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-нан алған несиесі 4,5 млн. теңге.

Жеке кәсіпкер «Лакомка+» ЖШС-не келген облыс әкімі Сергей Кулагинге 2015-ші жылы 1,8 млн. теңгенің 7 мың банка компоты жасалғаны туралы ақпараттандырды.

«Шаңтөбе кәсіпорынының өнімі үлкен сұраныспен тұтынылады. Компот мемлекеттік сатып алумен және еркін сауда арқылы да жүзеге асып жатыр. Кәсіпорын жоспарында өнімді өткізу нарығын кеңейтіп, шикізат базасын құру бар»,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Исимбековтардың отбасылық бизнесінде жаңа жоба жүзеге аса батаған. Бұл кептірілген жеміс-жидек пен балық және ет өндірісі. Сондай-ақ, құлпынайдан өнім шығару жоспарлануда.

Аймақ басшысы кәсіпкер бастаған істің, шығарылған өнімнің қажеттілігін ескере келе, облыста бұл кәсчіпорынның баламасы жоқ екенін атап өтті. Кәсіпкердің жұмысын жоғары бағалаған әкім алдағы уақытта кәсіпкердің шаруасының өрге баса беруін және ауыл азаматтары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуына сәттілік тіледі.  





Яндекс.Метрика