Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда допингке қарсы сараптама құрылғысы алынды – ҚР МСМ

ҚР-ға рұқсат етілмеген препараттарды бірден анықтайтын, әлемдік талапқа сәйкес допингке қарсы сараптама құрылғысы алынды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы халық алдында берген есептік кездесуі барысында.
Астана қаласы 23 Мамыр, 16:34

«Біз Қазақстанның Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада ойындарына 82 лицензиясы бар екенін мақтанышпен айтуымыз керек. Бізге әлі де одаған лицензияларды жеңіп алу белестерін бағындыру жоспарда тұр. Әрине, біздің бірінші міндетіміз – бұл Риодағы олимпиада ойындарында сәтті ойын көрсетіп, жеңіспен оралу. Өздеріңіз білесіздер, қазіргі таңда допингке қарсы бағытқа қатты мән беріледі, бұл да оңай мәселе емес. Үш күн бұрын ғана министрлікте допинг мәселесі бойынша халықаралық семинар өтті. Өкінішке қарай, бұл осы уақытқа дейін созылып келе жатқан өте өзекті мәселе»,-деді А.Мұхамедиұлы.

Ведомство басшысы Қазақстан допингке қарсы мәселе бойынша белсенді қадамдар қабылдауы керек, деп атап өтті. Осыған байланысты, допингке қарсы зертханаға заманауи жаңа қондырғы орнатылды.

«Олимпиада комитетінің арқасында допингке қарсы заманауи сараптама қондырғысы сатылып алынды. Сондықтан Қазақстан халықаралық допингке қарсы орталық лицензиясын иеленді. Көптеген елдер, соның ішінде Қытай, Ресей, өкінішке қарай допингке қарсы зерттеу зертханаларын жүргізу лицензиясынан шеттетілді»,-деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі.

Анара Таныркулова





Яндекс.Метрика