Үкімет

МСМ-ң 2015-ші жылы бюджет қаржысын тиімді игеру көрсеткіші 99,9%-ды құрады

Мәдениет және спорт министрлігінің 2015-ші жылғы бюджет қаржысын пайдалануы 99,9%-ды құрады, мемлекеттік сатып алу жоспары 100%-ға орындалды, деп хабарлады ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы халық алдында берген есептік кездесуі барысында.
Астана қаласы23 Мамыр , 15:56

«Барлық институционалды реформа аясында жүзеге асқан министрлік жобалары бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен бар әлеуетті тиімді пайдаланып, елдің дамуына бағытталған. Біз өз алдымызға міндеттерді қоямыз, нақты басымдықтарды да көріп отырмыз және стратегиялық құжат аясында көптеген дүниелер шешімін тапты»,-деді А.Мұхамедиұлы.

Министрдің сөзінше, маңызды құжаттардың бірі Мәдениет және спорт министрлігінің 2014-2018-ші жылдарға арналған стратегиялық жоспары болып табылады.

«2015-ші жылдың қорытындысы бойынша, стратегиялық жоспар мақсат пен міндеттерді жүзеге асырудағы жетістіктерінің тиімділігі жағынан жоғары бағаға ие болды. 2014-2018-шы жылдарға арналған стратегиялық жоспарда қызметтің бес бағыты анықталды және 24 мақсатты индикатор жетістігі қарастырылды. Сонымен қатар, 64 тікелей нәтиже көрсеткіші анықталды. Біздің министрліктің жұмыс сапасы бюджет қаржысын тиімді пайдаланумен анықталады. 2015-ші жылы қаржыны игеру 99,9%, ал, мемлекеттік сатып алу жоспары 100%-ға орындалды»,-деп атап өтті министр.

Анара Таныркулова




Яндекс.Метрика