Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

6 жыл ішінде Индустрияландыру картасы аясында 85 мың тұрақты жұмыс орны құрылды

6 жыл ішінде Индустрияландыру картасы аясында 85 мың тұрақты жұмыс орны құрылды, делінген Инвестициялар және даму министрлігінің эксклюзивті хабарламасында.
Астана қаласы23 Мамыр , 17:12

«6 жыл ішінде Индустрияландыру картасы аясында 898 жоба іске қосылды, ол 85 мың тұрақты жұмыс орнын ұсынды. Жобалардың 97 пайызы өз қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, қарызға  қаржы тартылғуы да ықтимал», - деп хабарлады министрлікте.

Индустрияландыру картасының көп бөлігі тұрақты жұмыс істеуде.

«1 трлн теңгенің өнімі экспортталды. Біздің кәсіпорындар Иран, Қытай, Ресей мен алыс шетелге шығады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2010 жылдан бері карта жобалары 6,2 трлн теңгенің өнімін өндірді, оның ішінде 2016 жылдың 1-ші жартысында – 446 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика