Халықаралық интеграция

Қазақстандық және италияндық кәсіпкерлер бірлескен бизнес жүргізуді жоспарлауда

Қазақстандық және италияндық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық даму мәселелерін Астанада өткен форум аясында талқылады. Форумға ҚР-ғы Италия елшісі Стефан Раваньян, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы басқармасының төрағасы м.а Руслан Сұлтанов, сондай-ақ тараптардың бизнес өкілдері қатысты, деп «Атамекен» ҰКП хабарлайды.
Астана қаласы23 Мамыр , 16:52

«Бүгін бізге бірқатар италияндық өндірушілер келуде – ол энергетика, жабдықтар мен азық-түлік секторының түрлері. Біз, сондай-ақ,  италияндық жоғары технологиялық жабдықты сатып алуға мүдделіміз. Сондай-ақ, Италияға отандық өнімнің жеткізілу мәселелері талқыланды»,-деді Р.Сұлтанов.

Оның айтуы бойынша, қазақстандық бизнес Италиямен бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделі. «Біз компанияларды анықтау үшін жұмыс істеудеміз. Қазақстандық жабдық компанияларының қызығушылығы бар. Азық-түлік және тоқыма өнеркәсібі де ол үшін потенциалға ие»,-деді ол.

Конференцияға қатысып отырған италияндық компания және өкілеттік өздерінің қызметін қысқаша түрде таныстырып өтті. Фрозинон қ. сауда палатасы мен «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ халықаралық ынтымақтастыққа сенім білдіру бойынша меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, конференция барысында қазақстандық және италияндық кәсіпкерлер В2В форматындағы ынтымақтастық жасау мәселелерін талықлады.

24 мамырда италияндық компания «Астана» АЭА баруды жоспарлауда. 




Яндекс.Метрика