Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Индустрияландыру картасы жобасы 6 жылда 6,2 трлн. теңгенің өнімін өндірді – ҚР ИДМ

2010-шы жылдан бастап жүзеге асқан индустрияландыру картасы бағдарламасының жобаларында осы күнге дейін 6,2 трлн. теңгенің өнімі шығарылған. Олардың ішінде 2016-шы жылдың 1-ші тоқсанында 446 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл туралы ҚР-ң инвестиция және даму министрлігінің эксклюзивті хабарламасында айтылған.
Астана қаласы23 Мамыр , 16:17

«Индустриалды бағдарламаның жүзеге асырылуы экономиканы әртараптандырудың негізін қалады. Алғашқы бесжылдықтағы басты жетістік, бұл ең керекті заңнамалық базаны құру мүмкін болды. Оның алғашқы кезеңін жүзеге асыруда 50-ден астам заңға түзетулер енгізіліп, 3 жаңа заң дайындалды. Бұл «Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «АЭА туралы», «Энергия тиімділік пен энергияны үнемдеу туралы» Заң жобалары»,-делінген хабарламада.

Осылайша, 5 жылда өңдеу секторына 17,6 млрд. АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл оның алдындағы бес жылдықтан 3 есе артық.

Бұдан бөлек, инфроқұрылым мәселелері шешілді: 4000 шақырым автомобиль жолдары салынды және жаңғыртылды. 1700 шақырым темір жол салынды. Бизнесті қолдауда арнайы бағдарламалар дайындалды.

«Барлық нақты секторларда, көліктік, энергетикалық және өнеркәсіптік жобаларда 6 жылда 8 700 шағын, орта және ірі компанияларға қолдау көрсетілген. Бұның барлығы 193 мыңнан астам жаңа жұмыс орынын құруға мүмкіндік берді»,-деп хабарлады ведомство.

Министрлік атап өткендей, Қазақстанда жемісті жұмысбастылық пен еліміздің көптеген аймақтарында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа индустриалды база пайда болды.

«Индустьриалды карта кәсіпорындарының басым бөлігі тұрақты жұмыс істеп жатыр. Олар 1 трлн. теңгенің өнімін экспорттап та үлгерді. Біздің кәсіпорындар Иран, Қытай, Ресей және алыс шетелдердің нарығына шығады. 2010-шы жылдан бастап жүзеге асқан индустрияландыру картасы бағдарламасының жобаларында осы күнге дейін 6,2 трлн. теңгенің өнімі шығарылған. Олардың ішінде 2016-шы жылдың 1-ші тоқсанында 446 млрд. теңгенің өнімі өндірілген»,-деп ақпараттандырды ҚР ИДМ.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика