Инновациялар

Созақ аграрилері өсімдіктерді жасанды қоректендіргіш ортада өсіруде жаңа технологияларды қолдануда (ФОТО)

Ауыл шаруашылығы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық маңызды салаларының бірі. Бүгінде еліміздегі агроөнеркәсіпті кешенді дамыту үшін түрлі бағдарламалар қабылданған. Олардың әрбірі еліміздің агроөнеркәсіптік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, саланы дамытуға бағытталған, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область 23 Мамыр, 15:38

Ауыл шаруашылығы өнімдерін молайтып, сапасын арттыру және мал шаруашылығын дамыту үшін тың ғылыми жетістіктерді игеру қажеттілігі туындайды. Осы ретте, соңғы жылдары ел арасында аты жиі аталып жүрген «гидропоника» әдісін айтуға болады. Өсімдіктерді жасанды қоректендіргіш ортада өсіру арқылы нәтижеге қол жеткізуге болатын тәсілдің пайдасы ұшан-теңіз дейді білетіндер. 

Жақында, Созақ ауданында осы әдістің пайдасы туралы кеңейтілген жиын өтті. Аудан әкімі Мақсат Исаев қатысқан басқосуда ауылдық округ әкімдері мен агроқұрылым жетекшілері және шаруалар да болды. 

Гидропоника әдісі және оның артықшылығы мен қолдану тәсілі туралы кеңінен айтқан «Каз Агро Грин» ЖШС-нің бас директоры Б.Көпбаев аталған әдістің мейлінше қысқа мерзімде құнарлы, әрі мол өнім беретін соңғы технология екенін түсіндірді. 

Жиынды қортындылаған аудан әкімі бұл әдістің тиімділігіне көз жеткізілсе, жергілікті шаруалар жаңа технологияны меңгеретіндігін жеткізді. Аталған тәсілді іске асыру үшін алдағы уақытта екі жақты келісімдер жүргізілмек. 
 





Яндекс.Метрика