Өңірлер

Шымкентте Еуропалық қайта құру және даму банкінің жаңа кеңсесі ашылды (ФОТО)

Бүгін Шымкентте Еуропалық қайта құру және даму банкінің аймақтық жаңа кеңсесі ашылды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан 23 Мамыр, 15:03

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен ЕҚДБ вице-президенті Бетси Нельсон және Қазақстандағы банк өкілдігінің директоры Джанет Хэкман қатысты.

Оңтүстік өңірінде 2005 жылдан бері жұмыс істеп келетін бұл банк шағын және орта бизнезтің дамына қолдау білдіріп келеді. Осы жылдар ішінде 1 млн. еуродан асатын маңызды 180 жобаны қаржыландырған. Банк алдағы уақытта оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы жұмыстарды кеңейтіп, жобаны қаржыландыру көлемін арттырмақ.

Айта кетейік, аталмыш банк бүгінге дейін ел экономикасының әртүрлі салаларына 6,5 млрд. еуро инвестицияласа, осы жылы 700 млн. еуро инвестиция құюды жоспарлап отыр.

 





Яндекс.Метрика