Адамзаттық капитал

О.Сүлейменов Әзірбайжан Президентінің құрмет дипломымен марапатталды

«Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдар форумы аясында, атақты жазушы, ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов әдеби және қоғамдық қызметте Әзербайжанның жетістіктерін қамтуда қосқан елеулі үлесі үшін Әжірбайжан Республикасы Президентінің құрмет дипломымен марапатталды.
Астана қаласы23 Мамыр , 14:32

«Барлық әзірбайжандық халыққа бірінші кезекте, сіз 1990 жылдардың қанды қаңтар айында барлық шығынға ұшыраған ауыртпалықты бөліскен жансыз. Антиядролық қозғалыстағы сіздің ашық азаматтық ойыңыз, сөзсіз, әлемде ядролық қаруды сынауға тыйым салу күресінде маңызды рөл атқарды»,-деп Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиевтің хатында айтылған.

Елші өз сөзінде айтып өткендей, «қазақ халқының ұлы перзенті өзінің бауырлас халқын ешқашан ұмытпайды».

О.Сүлейменов өзіне қатысты айтылған сөздері мен сыйлығына алғысын білдірді.

Айта кетейік, форум аясында TESCO арнайы алтын медальмен түркі ғылымына өз үлестерін қосқан қайраткерлер де марапатталды. М.В.Ломоносов атындағы ММУ Азия және Африка елдері институтының түркі филологиясы кафедрасының меңгерушісі Дмитрий Насилов, атақты ғалым, Қазақстанның қоғам қайраткері Әділ Ахметов, сондай-ақ Өзбекстан ғылым академиясының академигі, тарихшы Ахмадәлі Асқаров марапатталды.

Естерінізге сала кетейік, Халықаралық түрік академисының ұйымдастыруымен Астанада «Ұлы дала» гуманитарлы ғылымдар форумы өтуде. Форум аясында төрт понельдік отырыс күтілуде, ол жерде өздерінің ойларымен түркітілдес мемлекеттің 200-ден астам ғалымдары мен зерттеушілері бөліседі, сондай-ық АҚШ-тан, Германия, Япония, қытай, Оңтүстік Корея, Ресей және Ұлыбритания.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика