Өңірлер

«Самұрық-Қазынадағы» трансформация шығынды 300 млрд-тан астам теңгеге қысқартуға мүмкіндік берді

«Самұрық-Қазынаның» трансформация бағдарламасы 300 млрд. теңгеден астам қаржы шығынын қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Қорының – басқарма мүшесі, қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директоры Елена Бахмутова Қор портфельді компаниялар директорлары кеңесі мүшелерінің VIII-ші кездесуінде айтты.
Астана қаласы23 Мамыр , 12:19

«Бізде шығындарды қысқарту бойынша үш бастама жүзеге асып үлгерді. Негізгілер: сатып алулар, қазыналық копоратив пен қаржы жұмсауды қысқарту. Тек үш бастаманың өзі өткен кезеңде 300 млрд. теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді. 2020-шы жылға қарай трансформация бағдарламасының жетістігінің нәтижесінде компанияның барлық топтары бойынша 1 трлн. 400 млрд теңге көлемінде пайда көруге мүмкіндік береді», - деді Е.Бахмутова.

Бұдан бөлек, Қор өкілі компанияның негізгі табысы бизнесті оптимизациялаудан күтілетінін атап өтті.

«Бұл табысқа жақын 4 жылда қол жеткіземіз. Тіпті өткен жылы біраз шығындарды үнемдедік. Егер трансформация бағдарламасы қабылданбағанда, өткен жылы бізге қиын болатын еді»,- деді Е.Бахмутова.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика