Парламент

Сенат комитеті қазақстандық-ресейлік хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын қарады

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темір жол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темір жол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Астана қаласы23 Мамыр , 12:04

Сенат хабарлағандай, 2012 жылғы 19 қыркүйекте Павлодарда жасалған Хаттама жоғарыда аталған келісімнің 12 және 14-баптары алып тастауды көздейді.

Енгізілген өзгерістер жүктерді тасымалдау кезінде келісілген саясатты жүргізуге және тарифтерді есептеуде екіұшты түсіндіруге жол бермеуге мүмкіндік береді. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
 




Яндекс.Метрика