Өңірлер

Е.Бахмутова: «Самұрық-Қазына» басымдылығында тұрақты даму болуы тиіс

Басымдылықта тұрақты даму болуы тиіс. Компания бүгін ғана болмауы керек. Болашақ үшін құндылық құру керек. Бұл туралы қаржы және операциялар бойынша басқару директоры – «Самұрық-Қазына» басқару қорының мүшесі Елена Бахмутова Қордың портфельдік компаниялар директорлар кеңесінің мүшелерімен VIII кездесу аясында мәлім етті.
Астана қаласы 23 Мамыр, 11:48

«Бүгінгі сессияның тақырыбы көбінесе тұрақты дамуға арналған. Бізде тұрақты даму басымдылығы болуы тиіс. Компания бүгін ғана болмауы керек. Болашақ үшін құндылық құру керек. Осындай тренд коммерциялық компания арасында әйгілі.  Оған куәгер, арнайы индекс құрылды, олар жетекші дамыған компанияларды енгізеді. Ал жалпы, тұрақты даму дегеніміз не? Ол экология, қоғам және корпоративтік басқару. Барлығымыз үшін экологияның маңызы зор. Қоғам – болашақ ұрпақ үшін мән жасайды»,- деді Е.Бахмутова.

Оның айтып өткеніндей, жаһандық тізбектен ажырау дегеніміз техникалық ілгерілеуден қалу деген сөз.

«Осыған орай, біздің компания өндіріс құндылығының жаһандық тізбегіне орнығуы керек. Біздің компаниямызбен бірге барлық Қазақстан да кіріктіріледі. Оған кіру үшін, кадр,  өндірісті ұйымдастырушылық болуы тиіс және компанияны ғана тәрбиелеп қоймай, компаниямен қарым-қатынас жасайтындарды да»,-деді Е.Бахмутова.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика