Өңірлер

Әлеуметтік жауапкершілік «Самұрық-Қазынаның» стратегиялық құндылығы – Ө.Шөкеев

Қордың компаниялары тобының стратегиялық құндылығы әлеуметтік жауапкершілік болып табылады, деді «Самұрық-Қазына» АҚ-ң басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Қор портфельді компаниялар директорлары кеңесінің мүшелерімен VIII-ші кездесуінде.
Астана қаласы 23 Мамыр, 11:16

«Трансформация бағдарламасы толық қуатта жүріп келеді. Қордың ірі жеті компаниясы трансформация бағдарламасын енгізу кезеңінде. Қордың өзінде айтарлықтай терең өзгерістер жүріп жатыр. Осы бағдарлама аясында біз бизнес жасап шықтық және оны енгіздік. Мәселен, Қор моделі, ол біртіндеп енжар акционерден белсенді инвесторға өту процесін қамтиды. Сәйкесінше, біздің салада коммерциялық блок құрылуда және оның драйвері біздің активтердің оптимизациясы және жаңа индустрия құрылысы болып табылады. Қор, белсенді инвестор ретінде шоғырланбалы пайда үрдісі қызметінде қаржы Қордың өзін тұрақты ететін жаңа салаларды инвестициялауға жұмсалуы керек»,-деді Ө.Шөкеев «Самұрық-Қазына» компания топтарына трансформациялық бағдарламаны таныстырған кезде.

Қор басшысының айтуынша, ОЭСР елдерінен экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік мәселелерде бизнеске жауапкершіліктің ықпалы артқанын көруге болады.

«Сессияда сонымен қатар, біздің компаниялардың жауапкершілігі мен әлеуметтік тұрақтылық мәселелерін талқылаған қызықты болады. Сіздер біздің қоғамда жағдайдың қалай дамитынын білесіздер, сондықтан, әлеуметтік жауапкершілік стратегиялық құндылық болып табылады. Бұл бағыт бойынша көптеген жұмыстар жасалуда. Нұрлан Ерімбетов басқаратын «Әлеуметтік серіктестік орталығы» құрылды. Ол өз зерттеулерімен бөліседі, сонымен бірге біздің компаниялардың әлеуметтік тұрақтылық картасын да қамтиды. Аталмыш құрал дұрыс ойластырылып, жасалып, біздің Қорға енгізілген. Көптеген мемлекеттік органдар, тіпті Президент Әкімшілігі де осы құралды пайдаланады», деді Ө.Шөкеев.

Ботагоз Айтжанова





Яндекс.Метрика