Халықаралық интеграция

Берлинде «Қазақстан-Германия» іскерлік кеңестің кезекті отырысы өтті

Берлинде Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың қатысуымен қазақстандық-германдық іскерлік кеңестің 9-шы отырысы өтті.
Әлемде23 Мамыр , 12:54

 ҚГІК-де қазақстандық делегацияны «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, герман делегациясын «Deutsche Bank» атқарушы директоры Петер Тильс басқарды. Іс-шараға қазақстандық холдинг еншілес кәсіпорындарының басшылары мен Германия жетекші іскерлік топтарының өкілдері қатысты, деп қатысты СІМ.

Р. Василенко өз сөзінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа экономикалық жағдайда: даму, өсім, реформалар» жолдауының, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі аспектілерімен таныстырып, ҚР және ГФР арасындағы екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кеңейту бойынша жаңа мүмкіндіктерді атап өтті. «2012 жылы ақпан айында Елбасының Германияға сапары, 2010 жылы Федералдық канцлері Ангела Меркельдің екі сапары біздің қарым-қатынастарға едәуір серпіліс берді, қазіргі уақытта жоғары деңгейде жаңа байланыстар орнатылуда», – деп атап өтті Р. Василенко.

Отырыс барысында қазақстандық тарап неміс қатысушыларын Қазақстанда бекітілген 2016-2020 жж. Жекешелендірудің кешенді жоспарымен, оның мақсатты көрсеткіштерімен таныстырды, сондай-ақ объектілердің егжей-тегжейлі тізімін ұсынды. Шикізат саласында, өндіріс және технологиялық әріптестік,  ҚГІК тізіміне кіретін басым жобаларды жүзеге асыру мәселелерге басты назар аударылды, сондай-ақ Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне герман тарапының қатысуы талқыланды.  

Қазақстандық делегация Германия бірқатар алдыңғы қатарлы компаниялары басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында бірлескен инвестициялық жобалар және сауда-экономикалық ықпалдастықтың кеңейту перспективалары талқыланды. Тараптар Германия экономикасындағы қазақстандық басқарушы кадрларды «Назарбаев-Шредер» бағдарламасының және «Назарбаев-Меркель» неміс үлгісі бойынша кәсіби-техникалық білім «дуалдық жүйені» Қазақстанда еңгізу алдағы уақытта кеңейту және дамыту мәселелерін талқылады.

Іс-шараның нәтижесінде ү.ж. 23 маусымда Шверин қаласында (Германия) өтетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық жұмыс тобының кезекті отырысында талқыланатын нақты ұсыныстар мен басым жобалардың тізімі анықталды.

Іскерлік кеңеснегізгі мақсаты ҚР мен ГФР арасындағы ұйымдар мен бірлестіктердің іскерлік байланыстардың тиімділігін  арттыру болып табылатын үйлестіруші және консультациялық орган. ҚГІК міндеттеріне сондай-ақ екі ел арасындағы сауда мен инвестициялар саласындағы компаниялардың ынтымақтастығын нығайту мен тереңдету, тікелей байланыстар мен ақпарат алмасуды көтермелеу кіреді.,

Жалпы, Берлинде екі елдің делегациялары арасындағы өткен кездесулер мен келіссөздер нәтижесінде тараптардың қазақ-герман экономикалық ынтымақтастықтың белсенді кеңейту мен тереңдету бойынша дайындылығы расталды, сондай-ақ бірқатар  нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді. 

Герман статистикаға сәйкес, 2015 ж. екіжақты сауда айналымы 4,06 млрд. евро құрады. Қазақстан Германияның Орталық Азияда негізгі әріптесі болып  табылады, оның өңірмен сыртқы саудасының 82% Қазақстанға келеді. Герман инвестицияның 90% Қазақстанның шикізат емес секторына құйылды.  

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика