Адамзаттық капитал

Н.Назарбаев: Гуманитарлық ғылымдар форумы түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосады (ФОТО)

Астанада «Ұлы сахара» гуманитарлық ғылымдар форумы өз жұмысын бастады, ол Халықаралық Түрік академиясымен ұйымдастырылды. Шараны Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың құттықтау сөзімен бастады.
Астана қаласы 23 Мамыр, 10:31

«Құрметті қонақтар, ғалымдар, сіздерді халықаралық форумның өтуімен құттықтаймын. Ұлы сахара Еуразияның үлкен кеңістігін біріктіреді, Ұлы сахараның мәдени мұрасы  бүкіл адамзат өркениетін жақындатуда. Қазіргі таңда ұлы түрік сахарасы жалпы адамзаттық құндылықтар үшін нышанға айналды. Халықаралық түрік академиясы үлкен көлемді шараны өткізуде. Біздің республикамыздың астанасында осындай ауқымды іс-шараларды өткізуді қуана қарсы алады, бұл форум түркологиялық форум  бағытында идеялар алмасу үшін тұғырнама ретінде қызмет етеді және түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне үлкен үлес қосады»,- деп Мемлекет басшысының құттықтау сөзін Г.Әбдіқалықова  оқыды.

Түркі тілдес мемлекеттер тәуелсіздігінің 25 жылдығына және  түркі жазуының күніне арналған Форумның салтанатты ашылуында халықаралық ұйымдардың басшылары, дипломаттар, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, депутаттар, сондай-ақ көрнекті ғалымдар қатысты.

Форум аясында төрт понельдік отырыс күтілуде, ол жерде өздерінің ойларымен түркітілдес мемлекеттің 200-ден астам ғалымдары мен зерттеушілері бөліседі, сондай-ық АҚШ-тан, Германия, Япония, қытай, Оңтүстік Корея, Ресей және Ұлыбритания.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика