Өңірлер

М.Жұмабаев ауданының шаруалары маусымның басында егіс науқанын аяқтауды жоспарлап отыр – СҚО әкімдігі

М.Жұмабаев ауданында шаруалар аймақ басшысы Ерік Сұлтановқа егіс науқанының барысы туралы баяндады. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі хабарлағандай, ауданда егіс науқанын маусым айының басында аяқтау жоспарлануда.
Солтүстік Қазақстан23 Мамыр , 12:36

«Чистовский» ЖШС-ң директоры Анатолий Глушконың атап өтуінше көктемгі дала жұмыстарына аймақта былтыр сатылып алынған минералды тыңайтқыштар жақсы пайдаланылып жатыр. Сонымен қатар, тұқым мен жанармай жағынан ешқандай мәселе жоқ.

«Былтыр біз дала жұмыстарына 16-шы мамырда шыққанбыз, ал, биыл 24-ші мамырда шықтық. Яғни, 8 күнді жоғалтып отырмыз. Сондықтан бізге ауа райы маңызды болып тұр»,-деп атап өтті «Чистовский» ЖШС-ң директоры А.Глушко.

Егіс науқаны барлық шаруашылықта белсенді басталды. Аңызда жоғары өндіруші кешен техникалары жүр. Жақын уақытта астық жинауға жергілікті өндірістің жаңа техникалары пайдаланылатын болады.

Еске сала кетейік, осы жылдың шілде айында Петропавлда «К-704» шығаратын зауыт іске қосылатын болады.

«Олар «Батыр» деген атаумен шығатын болады. Бағасы 30 млн. теңге болады және өнімділігі 170 гектарға дейін жетеді»,-деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов аудан шаруаларымен кездескен кезінде.

М.Жұмабаев ауданы шаруаларына аймақ басшысы мал шаруашылығын дамытуды, жұмысшылардың жалақыларын көтеруді және егіс науқанын 30-шы мамыр ненмесе маусым айының басында аяқтауды жүктеді.




Яндекс.Метрика