Білім беру

Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарына курсанттарды қабылдау басталды

Қазақстанда әскери жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттарды қабылдау басталды. Жыл сайын оған 1 000-ға жуық азамат оқуға түседі, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан23 Мамыр , 10:59

Оқуға түсуге құжаттарды қабылдау 2016 жылдың 15 маусымына дейін жалғасады. Арнайы тексеруден өткен, оқуға денсаулық жағдайы бойынша жарамды, ҰБТ-ның төрт пәні бойынша кем дегенде 50 балл жинаған оқуға түсетіндер еліміздің әскери жоғары оқу орындарына түсе алады. Жыл сайын еліміздің әскери жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа бағдарламалары қайта әзірленіп, енгізілуде.

Енді ҚР Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының курсанттары шет елдерінің әскери жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыра алады. Бірінші курс аяқталғаннан кейін курсанттар шетел мемлекетінің әскери оқу орындарына оқуға іріктелу үшін медициналық куәландырудан өтеді. Осы жылы курсанттардың білім алуына жол ашқан жаңа мамандықтар енгізілгенін естеріңізге сала кетейік.   Алғаш рет 2016-2017 жылдары Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында әскери-медициналық факультет құрылады. 2016 жылдан бастап Құрлық әскерлерінің Әскери институты «Әскери істегі менеджмент», «Әскери істегі логистика», «Әскери істегі юриспруденция» сияқты мамандықтар бойынша курсанттарды даярлауды бастайды. Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында «Әскери істегі радиоэлектроника мен инжиниринг» мамандығы бойынша дайындық басталды.  Түлектер аталмыш мамандықтар бойынша әскери қызметті аяқтағаннан кейін азаматтық салада жұмыс жасай алады. 

«Бүгінде әскери білім қарқынды дамуда. Оқыту сапасы жоғары деңгейге қойылған. Оқу бағдарламасына әскери әдеп, әскери істегі көшбасшылық пен басқару стилі. Осы факторлар курсанттардың жеке тұлғасын, көшбасшылық қасиеттері мен мінез-құлқын қалыптастырады», - деді ҚР ҚМ Білім және ғылым департаментінің бөлім бастығы полковник Әсет Ақкөзінов. Жыл сайын Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарының курсанттары шетелдерде тағылымдамадан өтіп, тәжірибе жинақтап, өздерінің біліктіліктерін арттырады. Әскери жоғары оқу орындарының курсанттары үшін білім алуларына барлық жағдай жасалған. Толық әлеуметтік жиынтық, тегін оқу және тұру. Барлық бітірушілер оқуды тәмамдағаннан кейін 100 пайызбен жұмыспен қамтылып, әскери лауазымдарға тағайындалады.  


 




Дерекнама

Яндекс.Метрика