Өңірлер

Қызылжар ауданының 44% егістік алқабы егілді – СҚО әкімдігі

Осы жылы Қызылжар ауданының аграрлық қызметкерлері 230 мың гектар алқап егуді жоспарлауда, оның ішінде 116 – дәнді егіс, ал 44 % егілген. Сонымен қатар, майлы дақылдардың егісі жалғасуда, оларды осы жылы 30 мың га жерге орналстырады, деп Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан23 Мамыр , 11:32

«Аби Жер» ЖОО егістік алқабында орташа пісетін сортты егеді: Омбы 36 бидай, рапс гибридті, зығыр. Егіске техника 15 мамырда жұмылдырылды. Күніне бұл жерде 1 000 гектар егеді.

«Біздің техника жақсы, тек «Бурго» ғана үш бірлік, тәулігіне 300 гектарға дейін егуге болады. Біз зығырды 3200 гектарға дейін ектік, бидайды 4 мың, зәйтүнді жартысына дейін»,-деп «Аби жер» атқарушы директоры Василий Черкасов айтып өтті.

Қызылжар ауданында «Аби Жер» ЖШС-ның егіс алқабының аумағы 14 мың гектарды құрайды. Егер ауа райы қолайлы болса, егістік алқабын мамырдың аяғында- маусымның басында бітіру жоспарланған.

Көктемгі-егістік жұмыс барысында СҚО әкімі Ерік Сұлтанов ауыл шаруашылық басшыларына сөз барысында егістік алқабының жұмысы үйлесімді жүргізіліп жатқандығын айтып өтті.

«Облыс бойынша 31 пайыз егілді. Егер осындай қарқынмен жұмыс істейтін болсақ, онда 5-10 күннен кейін жұмыстың барлығын оңтайлық аяқтайтын боламыз»,- деді Е. Сұлтанов. 




Яндекс.Метрика