Өңірлер

Атырау облысында ЖҚЖК-2020 бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2,6 млрд теңге бөлінді

Атырау облысына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына республикалық бюджеттен 2,6 млрд. теңге бөлініп, бағдарламамен 1435 адамды қамту жоспарланды. 2016 жылдың 1-ші мамырына бағдарламамен 777 адам қамтылып, бөлінген қаражат толық көлемінде игерілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Атырау23 Мамыр , 10:09

Бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 35 әлеуметтік нысандарда күрделі-жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1403,1 млн.теңге бөлінді. 607 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланды, оның ішінде 315-і – бағдарлама қатысушылары үшін.

Күні бүгінге 18 нысанда тендерлік жұмыстар аяқталып, күрделі-жөндеу жұмыстары басталды.

«Бағдарламаның «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағытымен 7,2 млн.теңгеге 196 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, 340 адамға 915,6 млн.теңгеге шағын несие беру жоспарланды», - делінген хабарламада.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы облыстық комиссия шешімімен облыста шағын несие беретін уәкілетті орган болып «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Атырау филиалы бекітілді. Жыл басынан бері 162,0 млн.теңгеге 66 адамға несие берілді (республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан 18 адамға 42,0 млн.теңгеге және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Атырау филиалы арқылы қайтарылған қаражат есебінен 48 адамға 120,0 млн. теңгеге).

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағытында Кәсіпкерлерді қолдау орталығымен үйымдастыру жұмыстары басталып, Жұмыспен қамту орталықтарымен оқуға ынта білдірген адамдардың тізімі толықтай жолданды.

Бағдарламаның «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағытына 161,3 млн.теңге (кәсіби оқу, грант, әлеуметтік жұмыс, Жастар практикасына) бөлініп, 791 адамды қамту жоспарланды. Үшінші бағыт бойынша 383 адам қамтылды.

33 адам оқуларын кәсіптік колледждерде жалғастыруда. 72 жұмыс берушілермен қол қойылған Келісімдер бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 196 адам орналастырылды және Жастар тәжірибесіне 93 мекемеге 154 жас түлек жіберілді. Бағдарлама шеңберінде бос жұмыс орындарына 959 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

 




Яндекс.Метрика