Өңірлер

Сенегал президенті Павлодардың өндірістік кәсіпорындарын аралады

Өткен аптадағы сенбі күні өңірімізге Сенегал Республикасының президенті Маки Салл жұмыс сапарымен келді.
Павлодар23 Мамыр , 09:53

Шетелдік қонақты қарсы алған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен ERG S.a.r.l басқармасының басшысы Александр Машкевич оған «Қазақстан электролиз зауыты» және «Қазақстан алюминийі» АҚ-дағы алюминий өндірісінің технологиялық процесін таныстырды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Сонымен қатар, Сенегал президенті Ақсу ферроқорытпалар зауытында да болды.  

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да шетелдік қонақтар ең алдымен алюминийдің электр сараптама цехында болды.    

Алюминийдің электр сараптама цехы ток күші 320 кА-ді құрайтын 288 электр лизерлерімен жабдықталған. Цехта әлемдік стандарт бойынша аса тиімді және экологиялық таза технология қолданылады. Глиноземнен металлдық алюминий алу үрдісі 953-958 °С температурада жұмыс істейтін электролиз ванналарында жүреді. Әрбір электр лизердің өндірістік қуаттығы  тәулігіне 2440 кг алюминийді құрайды.  Бұл әлемдегі үздік көрсеткіштердің бірі.    

Электр сараптама цехының тағы бір бөлімшесі – құю бөлімшесінің жобалық өндірістік қуаттылығы сағатына 16-22 тоннаны құрайды. Жұмыстардың барлық кешені автоматтандырылған.  

Бұдан кейін сенегалдық делегация Қазақстан электролиз зауытындағы электрод өндірісі цехына келді. 

Анодтарды күйдіретін ашық түрдегі пеште әрқайсысы 7 құндақтан тұратын 50 камера бар. Анодтар 1100 градус Цельсий темпеартурасында күйдіріледі.

Ресми сапардың соңында Сенегал Республикасының президенті Маки Салл, аймақ басшысы Болат Бақауов және ERG S.a.r.l Менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич кәсіпорындағы металлургтер аллеясында ағаштар отырғызды.

 

 




Яндекс.Метрика