Өңірлер

Қостанай облысында 872 мың гектарға ауыл шаруашылық дақылдарын егілді

Қостанай облысында бүгінгі таңда 872 мың гектарға ауыл шаруашылық дақылдарын егілді. Жаздық егіс 4669,2 мың гектар, соның ішінде 733 мың гектар дәнді дақылдар, 77 мың гектар майлы дақылдар егілді.
Қостанай23 Мамыр , 09:36

Аудандарға 285 мың гектар ауыл шаруашылық дақылдарын себу тапсырмалары беріліп, осы жылдың 1-ші маусымына дейін егіс науқаны жұмыстарын аяқтау жүктелді, деп хабарлайды аймақ әкімдігі.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылық құрылымдары мен халық шаруашылығы 7,8 мың гектарға картоп, 1,8 мың гектарға көкөніс екті.

«Облыстың ауыл шаруашылық тауарын өндірушілері қажетті 552,5 мың тонна тұқыммен және қажетті материалдармен толық қамтамасыз етілді»,-делінген хабарламада.

Шаруашылықтардың тұқым сұрыптарын жаңалаулары үшін облыста қосымша 26,0 мың тоннадан астам элителы тұқым алынды.   

Облыста ауыл шаруашылық өнімдерін мол алу үшін биыл 12,6 мың тонна минералды тыңайтқышты толық пайдалану жоспарлануда.

Биыл егіс компанияларында 25 мың трактор, 24 мың тұқым сепкіш, 792 егіс кешендері, 1 мыңнан астам бұрккіш, 8,4 мың жүк көліктьері мен басқа да техникалар пайдаланылды.

Облыстың дала жұмыстарына литрі 96 теңгеден 71 мың тонна дизельдік отын бөлінген. 




Яндекс.Метрика