Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі Вьетнамда көрсетілді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері Ханойда өткізілген көліктік-логистикалық бизнес форумында көрсетілді.
Әлемде23 Мамыр , 09:18

Аталмыш бизнес-форумда «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Қанат Алпысбаев сөз сөйледі. Ол қатысушыларды Қазақстанның трансқұрлықтық дәліздермен жүретін көлік-логистикалық мүмкіндігімен таныстырды. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның транзиттік әлеуеті жылына 1,650 млн. контейнер (ДФЭ) болып табылады, деп хабарлады «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Қ. Алпысбаевтың айтуынша, Қазақстандағы еуразиялық сауда ағынының артуына және магистральдық желінің мүмкіндігіне байланысты, ірі инфрақұрылымдық бағдарламалар жүзеге асырылды. Күні бүгінге дейін сенімді темір жол желісін жасақтау үшін 2377 шақырым жаңа темір жол желісі салынды.

Вицепрезиденттің мәліметіне қарағанда, Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» бағдарламасы еуразиялық құрлықтық дәліздегі көлік логистикалық инфрақұрылым желісінің тірек телімдерін жасақтауды көздейді. Мұны жүзеге асыру үшін Елбасы Қытайдың «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасын қолдап отыр. Еуразиядан Қазақстан арқылы жаңа жүк ағынын тарту, бәсекелестікке сай тарифтік жағдай, бағдарлық жылдамдықты арттыру үшін сапалық қызмет көрсету үшін контейнерлік пойыз саны артып келеді.

Оның айтуынша, әкімшілік кедергілерді азайту шаралары, кедендік кедергілерді азайту үшін ашықтықты қамтамасыз ету, сауда операцияларын азайту, нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.

Алпысбаевтың айтуынша, Қазақстан мен Вьетнам көлік және логистика саласы бойынша серіктестікті дамыту мақсатындағы әлеуеті зор. ЕЭО арасындағы еркін сауда қызметі туралы Келісім мен Вьетнам мемлекеттік мүшелері серіктестіктің сауда- экономикалық бағдарының барлық бағытын қамтиды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері дискуссиялық сессиясында бизнес форум қатысушыларын барлық мәселелер бойынша хабардар етті.

Бизнес форумға қатысушылар Еуразиялық экономикалық Одаққа қатысушы мемлекеттер Қазақстан, Ресей, Белорусь темір жол әкімшіліктері құрған бірлескен көліктік логистикалық компаниясының әлеуеті мен болашағы туралы айтты.

Қазақстан, Ресей, Белорусь, Армения шара аясында Вьетнаммен көліктік логистика саласында серіктестікті дамытуға мүдделі екендіктерін жеткізді.

Дискуссиялық сессия кезінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері бизнес форумға қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға барынша толыққанды мәліметтер берді.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика