Басқару

Б.Сағынтаев жер реформасы бойынша комиссияның екінші отырысын қорытындылады

23 комиссия мүшесі өздерінің пікірлерін ортаға салды. Айтылған пікірлер мен ойлар нақты және жүйелі түрде құрылған жұмыс топтарында талқыланатын болады, деп ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жер реформасы бойынша комиссияның екінші отырысында айтып өтті.
Астана қаласы21 Мамыр , 14:12

«Негізгі мәселе- жерді сатпау мәселесі. Екінші – егер сатылып жатса, қандай жағдайда ол сатылуы тиіс. Осы мәселелер бойынша ойлар айтылды, штаб пен хатшылық осы ұсыныстарды ұйымдастырады. Оның барлығы толық түрде құрылған жұмыс топтарында талқыланатын болады»,-деді Б.Сағынтаев.

Б.Сағынтаевтың айтуы бойынша, көптеген сұрақтар жер сатуға байланысты қойылған.

«Кім сатады, қанша аумақ сатылады, шешімді кім шығарады. Егер жердің жағдайын бір адам шешетін болса, онда ол халық арасында  күдік тудырады. Жерді сату мәселесі тек әкімнің қолында болмауы керек немесе басқа да қызметтерде. Бұндай шешім жергілікті тұрғындармен бірге жасалу керек. Егер қоғам қарсы болса, онда шешім жойылады»,-деп толықтырды комиссия төрағасы.

Б.Сағынтаевтың хабарлауынша, барлық айтылған ойлар еске алынады, ал келесі отырырыстың жұмысынеда шешім қабылдайтын мәселелер бойынша анықтама беріледі.

Жер реформасы бойынша Комиссияның келесі отырысы 28 мамырда өтеді. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика