Адами капитал

Қазақстанның Қарулы Күштерінде жауынгерлік даярлықтың қарқындылығы өсті

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде осы жылы негізгі күш-жігер жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде жеке құрамның дағдысын, іс-қимылдарын шыңдауға, әскери қызметшілердің дене даярлығын арттыру және басқару жүйесін жетілдіруге бағытталды.
Казахстан23 Мамыр , 08:41

Егер 2015 жыл бойынша Қазақстанның Қарулы Күштерінде 3500-дей әртүрлі оқу-жаттығу өткізілсе, онда ағымдағы жылдың 4 айы ішінде олардың саны 950-ді құрады. Оның ішінде жедел даярлық бойынша іс-шаралар 40-қа жуық, жауынгерлік даярлық бойынша 900-ден аса.

2016 жылдың 4 айы бойынша «Айбалта» және «Қаратау» ірі оқу-жаттығулар болып табылады. «Айбалта» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы осы жылдың ақпанында өтті.  Оқу-жаттығу өткен жерге бірнеше күн бойы ҚР Қарулы Күштері барлық өңірлік қолбасшылықтарының әскерлері тартылды. Далалық машықты арттыру үшін оқу-жаттығу ниетімен әскерлер құрамдастырылған тәсілмен 2-ден 4 мың шақырымға дейінгі таңсық полигондарға бір жерден екінші жерге жөнелтілді және Үшарал жедел әуеайлағына жауынгерлік авиация қайта орналастырылып, «Шығыс» ӨңҚ «Шығыс» полигонында шоғырландырылды. «Айбалта-2016» оқу-жаттығуының ерекшеліктері әскерлердің далалық дағдысын шыңдау болды. Күрделі қысқы жағдайда бөлімдер мен бөлімшелерді толық өрістете отырып, өткізілді. Оқу-жаттығуға барлығы қытымыр климаттық жағдайда табандылығы мен төзімділігін көрсете алған 5 мыңға жуық әскери қызметші тартылды. Барлық кезең бойы 1500-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 30 бірлік авиациялық техника іс-қимылдардың үйлесімділігі мен барлық оқу-жаттығу ниетінің іске асырылуын пысықтады. Ұзақ уақыттан бері оқу-жаттығу алғаш рет қысқы уақытта жауынгерлікке жақындатылған жағдайда өтті.

ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша «Батыс» өңірлік  қолбасшылығының әскерлерінде сәуір айында «Қаратау-2016» ауқымды оқу-жаттығуы өтті. Бұл оқу-жаттығуға «Батыс» және «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысы басқармаларының жеке құрамы,  25744, 86717, 30238, 75488 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметі мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының бөлімшелері тартылды. Мұндай оқу-жаттығудың өткізілуі жеке құрамның жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу машығын, сондай-ақ дене төзімділігін және әскерлерді үлкен қашықтықтарға бір жерден екінші жерге жөнелтуді пысықтауға бағытталған. «Қаратау-2016» оқу-жаттығуына 7000-нан аса әскери қызметші тартылды.  Жалпы алғанда, шамамен 2 500 бірлік қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері мен ҚР Шекара қызметінің 70-тен аса авиациялық техникасы тартылды. 


 




Яндекс.Метрика