Басқару

Қ.Бисетаев: Жерді кем дегенде 5 жыл сол жерде жұмыс істеген қазақстандықтарға ғана меншікке беру керек

Жерді жеке меншікке ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру бойынша кем дегенде 5 жыл сол жерде жұмыс істеген қазақстандықтарға ғана беру керек. Осындай ұсынысымен жер реформасы комиссиясының мүшесі, «Қазақстанның картоп өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Қайрат Бисетаев ҚР Үкіметі жанындағы Жер реформасы бойынша Комиссияның отырысында мәлім етті.
Астана қаласы21 Мамыр , 12:59

«Көп шаруаларда ақшалары барлар үшін жердің алыпсатар нысаны болып кетуі бар деген үрей бар. Осындай жағдайды болдырмау үшін бізде мынадай ұсыныс бар, жеке меншікке жерді тек сол жерде кем дегенде 5 жылдан астам жұмыс істеген заңды және жеке тұлғалар ғана сатып ала алады»,-деді ол.

Сонымен қатар, Қ.Бисетаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығы әрдайым инвестицияны қалайды.

«Қарыздан бөлек, менің ойымша, ол жерге тура инвестицияның келгені дұрыс болады, адамдар өз қаржыларын шаруаларға салатын болады және олар оларға сеніп, солар арқылы жерді жеке меншікке сатып алуға кіреді, яғни ауыл шаруашылығы өндірісі тартымды инвестиция болады»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, Астанада Жер реформасы жөніндегі мемлекеттiк комиссияның екiншi отырыс өтуде.

 




Яндекс.Метрика