Ұлттың денсаулығы

Алматыда мигранттар арасындағы туберкулездің таралуымен күресу мәселелері талқыланды

Алматы қаласында мигранттар арасындағы туберкулезді бақылау жұмыс тобының бесінші кездесуі өтті. Шараға денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері, ҚР ҰҚК Шекаралық қызмет, ҚР ДСӘДМ Туберкулез проблемаларының ұлттық орталығының, Халықаралық көші-қонды ұйымдастыру ұйымы, Project HOPE үкіметтік емес ұйымының өкілдері және т.б. қатысты.
Алматы қаласы21 Мамыр , 14:31

Жиын барысында 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезді бақылау бойынша кешендік жоспарының аясындағы шаралар талқыланып, 2016 жылға арналған Орта Азия елдеріндегі мигранттар арасында туберкулезді трансшекаралық бақылау бойынша еларалық екіжақты келісім жобасы ұсынылды.  

ҚР ДСӘДМ Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының басшылығы қатысушыларды ағымдағы жылдың ақпан айында өткен жұмыс тобы кездесуі қарарының орындалуы туралы мәлімдеді. Көші-қон бойынша халықаралық ұйым өкілдері шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша ұлттық заңнамадағы өзгерістер туралы хабарлады. Project HOPE туберкулез бен миграция бойынша 120 терминнен тұратын глоссарий ұсынды. Ол шара барысында толықтырылды.

Жиын қорытындысы бойынша қарар қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропалық Аймақтағы (2012 ж. Вольфхезедегі бәтуаластық мәлімдемесі) туберкулезді трансшекаралық бақылау мен емдеудің ең төменгі пакетіне сәйкес Қазақстанда мигранттар, туберкулезбен сырқаттанған адамдарға туберкулезге қарсы көмек бойынша шаралар жүзеге асырылады. Бұл – мигранттар арасындағы туберкулез бен оның көптеген әрі кең көлемді дәрілерге тұрақтылығы бар түрін диагностикалаудың сапасы мен қолжетімділігін арттыру және т.б. болып табылады.




Яндекс.Метрика